«Айбөбек» бөбежай-балабақшасы» КМҚК
«Білім — адам баласының ортақ қазынасы»
Балабақшаның қысқаша тарихы
Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналды. Біздің балабақшамыз да,балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісімен жүйелі түрде жұмыстанып келеді, Балабақшамыз алғаш рет 1988 жылы «Достық» ясли-сад болып ашылды. Балабақша 5 топтан құрылып 120 баланы қамтыды. Балабақшаға Чумалиева Самига Садыковна басшылық етті.
Кейіннен балабақшада штат сандары қысқартылып тек 2 топ қана жұмыс жасады. 1998 жылы балабақша мүлдем жабылып қалды. Кейіннен 2000 жылы балабақша қайтадан ашылып «Айбөбек» балабақшасы болып атауы өзгерді. Алғашында 2 топ 45 баламен жұмыс жасап, кейіннен топтар саны артып екі топқа көбейіп, 4 топ 95 баламен, балабақша өз жұмысын жалғастырды.
Балабақшаның әр жылдардағы меңгерушілер тізімі: | |
1988 жылы | Чумалиева Самига Садыковна |
2009 жылы | Абдулова Зауреш |
2021 жылы | Шамарданова Зайраш Шынайбековна |
Балабақшаның әр жылдардағы атауы: | |
1988 жылы | «Достық» ясли-сад |
2000 жылы | КМҚК «Айбөбек» балабақшасы |
2021 жылы | «Айбөбек» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК |
Балабақша меңгерушілері:
Чумалиева Самига Садыковна — 1947 жылы 04 ақпан айында Ресей елінің Астрахань қаласында дүниеге келді.1954-1964 жж Астрахань қаласындағы №16 мектебінде оқыды. 1985-1990 жылы гурьев педагогикалық институныда «Педагогика және психология» пәнінің мұғалімі және методист мамандығы бойынша жоғары білім алды.
Еңбек жолдары: 1965 жылы Гурьев облысы Теңіз аудандық білім беру бөлімінде бухгалтер қызметін атқарды. 1967 2 жылдық Гурьев медициналық училищесін бітіріп аудандық ауруханада медбике болып жұмыс жасады. 1974-1979 жж Киров селосындағы балабақшасының меңгерушісі болып тағайындалды.1979-1988 жж Енбекші селосына қарасты балабақшада меңгеруші қызметін атқарды.1988 жылы Ганюшкин селосында 120 орындық «Достық» ясли-сад меңгерушісі болып тағайындалды. Кейін 2000 жылы «Айбөбек» коммуналдық кәсіпорын болып құрылып, аты өзгерді.2000-2008 жылдары аталған балабақшаның меңгеруші қызметін атқарды.
Аудан әкімінің Алғыс хаттары, Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттары,
Облыстық Білім беру басқармасының Құрмет Грамотасымен марапатталған.
2009-2020 жылдар аралығындағы балабақша меңгеруші Абдулова Зауреш. 1960 ж 15 сәуірінде Гурьев облысы Теңіз ауданы Ганюшкин селосында дүниеге келген. 1968-1978 жж М.В.Ломоносов атындағы орыс мектебінде оқыды.
1983-1986 жыл аралығында Гурьев педагогикалық училищесінде «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша білім алған. 1987-1991 жылдары «Мектепке дейінгі педагогика және психология» мамандығы бойынша Гурьев педагогикалық институтында жоғары білім алды.
Еңбек жолын 1979-1980 Нуржау селосына қарасты Ленин атындағы қазақ орта мектебінде тәрбиелік қызметінен бастады. 1988-1992ж.ж Ганюшкино селосында қарасты «»Золотая рыбка» б/бақшасының меңгерушісі болды. 1992-1999 «Балдаурен» б/б тәрбиелік қызметін атқарды. 1999-2008 жылдар аралығында Теңіз ауылдық округіне қарасты «Айсамал» балабақшасында тәрбиеші қызметін атқарды. 2008ж 4ақпан айынан бастап- 2020 жылдың желтоқсан айына дейін « Айбөбек» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның меңгерушісі болды. Облыстық Білім беру басқармасының Құрмет Грамотасы , Аудан әкімінің Алғыс хаты ,
Аудандық кәсіподақтың Алғыс хаты ,Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты,
Кәсіподақтың Құрмет Грамотасы, Облыс әкімінің Алғыс хаты,
ҚР.БҒМ Құрмет Грамотасы мен марапатталған.
20021 жылдан бастап балабақша меңгерушісі Шамарданова Зайраш Шынайбековна – 14 маусым 1977 жылы Гурьев облысы Теңіз ауданы Ганюшкин селосында дүниеге келген. 1984-1994 жж Ленин атындағы орта мектебінде білім алды. Білімі-жоғары.
2017ж Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білім алды. Еңбек жолын 1994 жылы Ленин орта мектебінде – аға тәлімгерден бастады. Еңбек жолында география пәнінің, бастауыш сыныбының, биология,еңбек, сурет және география пәндерінің мұғалімдік қызметтерін атқарды.2006 жылы Нуржау қазақ орта мектебінің директорының тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасарының міндетін атқарды. 2010жылы «Айбөбек» бөбекжай-балабақшасында тәрбиеші лауазымдық қызметін атқарды. 2017 жылы аталған балабақшада қосымша әдіскер болып жасады. 2021 жылдан бастап«Айбөбек» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК меңгерушісі болып жұмыс атқарады. Аудандық, облыстық, республикалық мадақтамалармен марапатталған.
Еңбек еткен педагогтер:
Мултакова Жанылсын Исатаевна— 1960 жылы Гурьев облысы Теңіз ауданы Ганюшкин селосында дүниеге келген.
1967-1977жыл аралығында М.Ауэзов және Абай атындағы орта мектептерінде білім алды.
1985-1988 жыл аралығында Гурьев пед.училище «Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбие» мамандығы бойынша.
1993-1997жыл аралығында Атырау педагогикалық университетін бітірдім.
Еңбек жолын 1977 жылы «Малышка» балабақшасында тәрбиеші қызметінен бастады. 2000- жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін «Айбөбек» бөбекжай-балабақшасында тәрбиеші болып жасады. Аудандық, облыстық мадақтамалармен марапатталған.
Айтжанова Жанипа Егинбаева 1968 ж 17 қарашада Ганюшкин селосында дүниеге келген. 11976-1986 жж Абай атындағы қазақ мектебін бітірді.
1990-1993 жж Қ.Дүтбаева атындағы Атырау педагогикалық училищесінде
«Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша білім алды. Еңбек жолын 1988 ж Балдырған балабақшасында көмекші тәрбиеші қызметінен бастап, кейін тәрбиешілік лауазымына ауысып 1997 жылға дейін жұмыс жасады. 2000 жылдан бастап «Айбөбек» бөбекжай-балабақшасында тәрбиеші қызметін атқарып келеді.
Аудандық, облыстық, республикалық мадақтамалармен марапатталған.
Жапекова Тамара Михайловна- 1970 жылы Гурьев облысы, Теңіз ауданы Киров селосында дүниеге келді. 1977-1987 жж Ленин атындағы орта мектепте білім алды.
1994 жылы Қ.Дүтбаева атындағы педагогикалық колледжіге түсіп 1997 жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау университетінің Гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығы бойынша арнаулы орта білім алды. Еңбек жолын 1988 жылы аудандық «Достық» ясли-сад та көмекші тәрбиеші қызметінен бастады. 2003 жылы «Айбөбек» бөбекжай-балабақшасында тәрбиеші қызметін атқарып келеді.
Аудандық, облыстық мадақтамалармен марапатталған.
Амиргалиева Карылгаш Айбулатовна – 1974 жылы дүниеге келді.
1981-1991 жылдары Ломоносов атындағы орыс мектебінде білім алды. Білімі-жоғары. 1993-1997 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Мектепке дейінгі педагогика және психология пәнінің оқытушысы, тәрбиеші-әдіскер» мамандығы бойынша білім алды.
2000 жылдан бері «Айбөбек» бөбекжай-балабақшасында тәрбиеші кейін әдіскер қызметін атқарып келеді. 2003-2015 жж кәсіподақ ұйымының төрайымы болған. Аудандық, республикалық мадақтамалармен марапатталған